16 июня 2021
54

"Генералдар кеңесі" төрағасымен кездесу

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің оқытушы-профессор құрамы, студенттер ректоратының мүшелері Ақжайық өңіріне іс сапармен келген, "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы генерал-майор Махмут Телеғұсов, төраға кеңесшісі Урандас Смағұлов, орынбасары Талғат Каналиев сынды азаматтармен кездесті.
Кеңес басшысы генерал-майор Махмут Телеғұсов құрамында қоғамның әр саласының (құқық қорғау, әскери, ұлттық қауіпсіздік, барлау және т.б.) - 126 Генералы мүше болып табылатын бірлестіктің бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл өскелең ұрпақты отаншылдыққа, рухани ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және тәуелсіз еліміздің патриоты болуға үндейтін маңызы зор шара.
Жұмыс барысында университеттегі заң мамандарын даярлаудағы басты зертханалардың бірі болып саналатын - генерал- майор Рустам Хайдаровтың атындағы криминалдық полигон жұмысына жоғары баға берді.
Сонымен бірге ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің 20 жылдығына орай шығарылған "Ұлы дала генералдары" атты биографиялық еңбек университет ұжымына табыс етілді. Бұл кітапта Қазақ хандығы кезеңі, Кеңес дәуірі мен тәуелсіз Қазақстандағы 700 астам генерал туралы ақпарат берілген.
Жұмыстың келесі кезеңі Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қабылдаумен жалғасты.
 
image
image