Создано: 15 мая 2021
830

Семинар-тренинг

Облыстық "Көңілді Тапқырлар Клубы" ойыншыларының шеберлігін арттыру мақсатында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, КазИИТУ білім кешенінің Студенттер сарайында "Әзіл жазу техникасы" тақырыбында онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті өңірімізге танымалы КТК ойыншысы, Қасиет Кәрім жүргізіп, ойыншыларға әзіл жазудың өзіндік техникасын үйретті.