Создано: 19 марта 2021
1388

Үстел теннисі турнирі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ ұйымы, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен өткелі отырған «КазИИТУ» білім кешенінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.

Білім ордамыздың барлық кафедралары мен қызметкерлері арасынан 9 команда тартысқа түскен бұл сайыста жүлделі 1-і орынға Эканомика және менеджмент факультеті, 2-і орынға техникалық пәндер кафедрасы,3-і орынға Экология,Дизайн және жалпы техникалық пәндер кафедрасының құрамасы ие болды!

Сайыстың үздік ойыншылары болып экология кафедрасының оқытушысы Мусина Жангүл және Техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы Айдыналиев Бауыржан атанды.

Осы шараның жеңімпаздары мен үздік ойыншылары жыл сайын оздырылатын білім саласының кәсіподақ ұйымы қызметкерлері арасында өтетін облыстық турнирінде КазИИТУ білім кешенінің намысын қорғайтын болады.

 

Whats-App-Image-2021-03-18-at-11-57-22 Whats-App-Image-2021-03-18-at-11-57-26

Whats-App-Image-2021-03-18-at-09-33-52