Создано: 01 июня 2021
793

1-ші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

Маусым айының алғашқы күнін ұстаздар еңбек демалысымен қарсы алса,балалар мерекемен қарсы алады.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін! Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндерге жарқын болашақ тілейміз.
Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың үніне жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»,-дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Соған орай “КАЗИИТУ”ғылыми-білім кешенінде 1-ші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндерге “КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы,академик Әйтімов Ақсерік Сарыұлының құттықтауы жолданып, университет ректоры Баяхов Әліби Науханұлы және экономика ғылымдарының кандидаты Кайрлиева Гаухар Ермеккалиқызы жылы лебіздерін айтып, шын жүректен құттықтады. Белсенді жастардың қатысуымен концерттік бағдарлама «Ертегілер елінің» кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымы өз жалғасын тапты. Бүлдіршіндермен ән айтып,би билеп, ойын ойнатылды. Бүлдіршіндер «Әлем-балалар көзімен» тақырыбында асфальтқа сурет салды. Балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылып ,естелікке суретке түсті. КАЗИИТУ кешені бір сәт мерекелік алаңға айналып, бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуанышында шек болмады.
Осындай мерекелік көңіл күй сыйлаған әріптестерге алғысымыз шексіз!