Создано: 10 мая 2021
1227

«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ»

Қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университеті, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облысымыздың өз саласында «үздік» деп танылған 18-40 жас шамасындағы білімді, білікті жастардың басын қосқан «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» зияткерлік сайыс оздырылды.

Зияткерлік сайысты Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Вице-Президенті @kairlievagaukhar Каирлиева Гаухар Ермеккалиевна сайыстың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кеш қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» болып "AQJAIYQ"телеканалының белгілі тележүргізушісі @birjanbqo Біржан Кухаев атанса, «Үздік клуб» атағына «Ақиқат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы @mergen_suleimenov suleimenov Мерген Сүлейменовтың тобы ие болды.

«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» сайысы 4 маусымға созылады, әр маусымда 4 ойыннан өтетін бұл сайыс біздің білім ордамызда жалғасын табатын болады.