Создано: 15 апреля 2021
875

Ардақты азаматтың өнегелі өмірі....

 

 Сәуір айының 7-сі күні еліміздің сот саласының құрметті ардагері, доғарыстағы судья, заң ғылымының кандидаты, университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы  Сабырбаев Марат Қалмұратұлы  «Құқықтану» мамандығының студенттерімен кездесу өткізді. Өзінің еңбек тәжірибесімен бөліскен ағамыз студенттерге, шараға қатысушыларға  өзінің өмірі мен еңбек жолындағы қызықты оқиғаларды баяндады. Марат Қалмұратұлы еліміздің сот жүйесінің дамуы мен болашағы туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттерге өзінің ұстаздық, ағалық ақылын айтып, мамандықтарының адал иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Марат Қалмұратұлы 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, қарапайым сот қызметкерінен бастап өзінің адал еңбегімен, іскерлігі мен білімділігінің арқасында облыстық сот төрағасы лауазымына дейін көтеріліп, елімздің сот жүйесінің дамуына зор қызмет еткен азамат. Қазіргі кезде университетімізде шәкірт тәрбиелеуде өз үлесін қосып, өмірлік тәжірибесін, білгенін ұжымдастарымен бөлісуде.

Аталған шарада  универсиет ректоры Әліби Науханұлы сөз сөйлеп басшылық тарапынан Марат Қалмұратұлына ризашылығын білдірді. Әрі қарай суденттер сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, шараның өтуіне өз үлестерін қосты.

Марат Қалмұратұлына деніне саулық, университетіміздегі қызметіне шығармашылық  табыс тілейміз! Арамызда көпті көріп, елге қызмет еткен ардақты азаматтарымыз көр болғай!

 «Құқықтану» кафедрасының ұжымы

 

40494237

IMG-20210409-WA0020 IMG-20210409-WA0023 IMG-20210409-WA0029 IMG-20210409-WA0030