16 марта 2021
90

Болашаққа қадам жасау арқылы өз мақсатын айқындау

Болашаққа қадам жасау арқылы өз мақсатын айқындау

Біздің жоғары оқу орнымыз үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр.

Тұңғыш президентіміз айтқандай, біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озу қажет. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Сол себепті, жастарды «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» секілді бағдарламалармен даярлаудың өзі болашаққа деген қадамның бірі.  Сондықтан, әр студенттің бойында  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, адамдармен тіл табысу, қосымша білімді дамыту сияқты факторлар болуы шарт.

Әрбір сауатты студент білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу керек. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алып жатырған студенттер өңіріміздің маңдайалды, озық университетінде білім алып жатыр.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы білім беру бағдарламаларын толық түсіндіру мақсатында «Болашаққа қадам» атты  жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттерге өз мамандықтарын жетік меңгеру мақсатында, білім беру бағдарламасында көрсетілген пәндердің ерекшеліктерін түсіндіру бағыттары жүргізілді.

«Болашаққа қадам» атты  шараны «Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары э.ғ.м., аға оқытушы М.А.Мекин ашып, келген қонақтармен таныстырды. Шара басында университетті бітіріп кеткен түлектер жұмыс жасап жатырған жерінен бейнероликтер түсіріп, өз мамандықтарын дұрыс таңдағандары туралы айтып, университет басшылығына, «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұжымына алғыстарын жаудырды.

«Болашаққа қадам» атты  шараға «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасы» ММ, Автомобиль жолдарын пайдалану бөлімінің бас маманы, экономика ғылымдарының магистрі Самарханов Алибек Курмашевич қатысып, «Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге толық ақпарат беріп, мамандықтың қыр-сырын айтты, студенттерге мемлекеттік қызметке кіруге қойылатын басты талаптарды айтып, заңдарда болатын өзгерістер мен толықтыруларға көңіл бөлу керектігін айтты.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, Барып қызмет көрсету бөлімінің маманы Нокатова Мадина Суйенишевна зейнетақы қорындағы басты ерекшеліктерге тоқталып, зейнетақы жүйесіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті.

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ, Тікелей сату бөлімінің жетекшісі Нұржанқызы Айгерім Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған 2016 жылғы түлегі. Нұржанқызы Айгерім «Қаржы және несие» білім беру бағдарламасы бойынша қосымша ақпарат беріп, «Банк ісі», «Несие ісі», «Ақша, несие, банктер» пәндері бойынша толық мағлұмат беріп, осы сала бойынша білім алып жатырған студенттерге банк саласының маңызды екенін айтып өтті.

Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы, кадр бөлімінің бас маманы Молдаханова Улжан Ержановна «Қаржы және несие» білім беру бағдарламасындағы «Салық және салық салу», «Салықтық әкімшілік» пәндері бойынша толық ақапарат берді. Осы салада білім алып жатырған студенттер өздерінің өндірістік және дипломалды тәжірибелерін Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасынан өтіп жатқандығын туралы айтты.

МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің», бас есепшісі Габделов Бахытбек Мухтарович «Бухгалтерлік есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша оқылатын пәндерге назар аударып, студенттерге қосымша «Қаржылық есеп», 1С Бухгалтерия қосымшалары бойынша білім алу керектігін және қазіргі цифрлық технологияның арқасында бухгалтердің қызметінің әлдеқайда жеңіл екендігі туралы айтып өтті.

Шара соңында студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуге, ең төменгі жалақыға, бос жұмыс орындарына, мансаптық перспективаларға және жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі бар-жоғына қатысты мәселелер қызықтырды.

«Болашаққа қадам» атты  шараға қатысқан барлық қонақтарға алғысымыз шексіз. Өз мамандықтарының қыр-сырын толық меңгермеген 1 курс студенттеріне бұл үлкен мүмкіндік болды.

Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені олар студенттерді жұмыстың мазмұны тұрғысынан да, оның шарттары тұрғысынан да әлеуетті жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың болашақ мамандығының ерекшеліктері туралы тікелей білуге және оларға болашақ жұмысқа орналасу және өзін-өзі тану проблемаларын шешуге сенімділік береді.

 

Whats-App-Image-2021-03-16-at-07-52-01

Whats-App-Image-2021-03-16-at-07-51-16

Whats-App-Image-2021-03-16-at-07-51-12