Создано: 04 марта 2021
955

Криминалистика күні

2021 жылдың З-ші наурыз күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Криминалистика күніне орай  «Заңгер – менің болашақ мамандығым» тақырыбында сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында   ашық  кездесу оздырылды.

Шараны университет ректоры Әліби Науханұлы ашып, қонақтарға құрылтайшымыз Ақсерік Сарыұлы атынан алғысын білдірді. Әрі қарай сөз алған «Құқықтану» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Эльмира Мұратқызы қонақтарға және студенттерге кафедра жетістіктерін таныстырып, олардың қызығушылықтарын оятты.

Заң мамандығының мәні мен маңызын насихаттау, студенттерді заңды құрметтеуге, елін сүюге және болашақта қалаған заң мамандығының кәсіби иесі болып еліне қызмет етуге баулу, тәрбиелеу мақсатында өткен шараға облысымыздың сот судьялары, ішкі істер департаментінің қызметкерлері, әділет департаментінің қызметкерлері, қорғаушы-заңгерлер өз салалары бойынша қызықты ақпараттармен бөлісті. Ашық әңгіме, кездесуде студенттер тақырып бойынша келген қонақтарға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Келген қонақтар студенттерге өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, еліміздің болашағы - студент-жастарға жоғары біліп алып, болашақта  жақсы  маман иесі болуларына тілектестіктерін білдірді. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсірілді.

 

1yur

IMG-20210303-WA0023