Создано: 20 февраля 2021
837

Волейболдан турнир

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай КазИИТУ кешенінің ұстаздары арасында Волейболдан шағын турнир өтті.Кешіміздің арнайы қонақтары болып «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Ғабделов Беркінғали Серікұлы , Ауған соғысының ардагері Баровский Анатолий Владимирович  және КазИИТУ кешенінің қызметкері, Ауған соғысының ардагері Адайгужиев Александр қатысты. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы және кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахметов Талғат Хасанұлы турниріміздің салтанатты шымылдығын ашып берді.

Сайыстың қортындысы бойынша : Техникалық пәндер кафедрасы – 3 орын,Жалпы техникалық пәндер және экалогия кафедрасы – 2 орын,Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлім – 1 орынға ие болды.Турнирдің үздік ойыншылары болып : Студенттер сарайының қызметкері –Кереев Тоқтар және магистратура бөлімінің маманы Әмрешов Нұрлан,қыздар арасында үздік ойыншы экалогия кафедрасының ұстазы Мусина Жангүл  атанды.Осы аталған жандар арасында бір топ жинақталып, білім саласындағы кәсіподақ ұйымының қызметкерлері арасында өтетін облыстық турнирде біздің білім ордамыздың намысын қорғайтын болады.

 

Whats-App-Image-2021-02-22-at-06-48-39 Whats-App-Image-2021-02-19-at-15-22-27-1 

Театр үйірмесінің көркемдік жетекшісі – Ахонов Даурен