10 ноября 2020
125

Қазақстан студенттерінің Альянсы XVII республикалық слеті

 

 

 Whats-App-Image-2020-11-09-at-10-47-03-1-1

Whats-App-Image-2020-11-09-at-10-47-03-1

 

            Ағымдағы жылдың  6-7 қарашасында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму минситрлігінің қолдауымен Қазақстан студенттерінің Альянсы 15 жылдығына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттердің ІІ республикалық шақырылымы мен Қазақстан студенттерінің Альянсы XVII республикалық слеті өтті. Аталмыш жиынға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі  Айтқалиева Арайлым Әділжанқызы қатысты. Іс-шараға онлайн-платформа арқылы интерактивті режимде елдің барлық өңірінен 400-ден аса жастар, соның ішінде Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, студенттік ұйымдардың көшбасшылары қосылды.  Республикалық шақырылым барысында әлеуметтік маңызы бар жобалар мен семинарлар таныстырылды. Республикалық слеттің аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минситрлігі Жастар және отбасы саясаты комитетінің төрағасы Байманов Шахмардан Асқарұлы студенттік қозғалысты 15-жылдығымен құттықтап, студент жастардың елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың өзін-өзі басқарын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау бойынша және т.б.жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Г. Шиповских, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары О.Т.Ордабаев, Жоғары және жоғары білімнен кейінгі  білім департаменті  директоры  орынбасары Б.Нарбекова, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университет провосты, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық офисінің әкімшісі  С.Пен, Астана медицина университеті ректоры Д.Павалькис, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі бас директорының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі Г.Искакова, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ эксперті А.Құрмансейіт, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің талдау және сапа бөлімінің басшысы Г.Рахимжанова  қазақстандық білімді дамыту және заманауи сын-қатерлердің білім сапасына әсерін, кадрлардың біліктілігін көтеру, жас мамандарды  жұмыспен қамту мәселелерін жаңа форматта ашық талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыным әзірленіп «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

         Жиын барысында ҚР білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі мәселелердің бірі - қашықтықтан оқыту, онлайн білім беру мәселесіне тоқталып, жастармен ашық сұхбат жүргізді.

         Шақырылымның екінші күні «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, психология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әр өңірден келген белсенді жастармен түрлі тақырып төңірегінде ашық сөйлесіп, әлеуметтік желінің қоғам дамуына ықпалы, тұлға болудың алғы шарттары  сынды маңызды мәселелерді қозғады.  Сонымен қатар, медиаменеджер, продюсер, Қазақ Ұлттық Академия оқытушысы А.Шаримов жастар саясатының жаңа бағдарламалары мен жобаларын жастарға таныстырып, жастардың академиялық ұтқырлық бойынша шет елде білім алу жолдарына тоқталды.

         Екі күнге созылған слет соңында белсенді жастар марапатталып, арнайы сыйлықтар мен алғыс хатттарға ие болды.

         Жастар – қоғамның қозғаушы күші екенін ескеріп, әрдайым белсенді жастарды, түлектерді қолдап жүретін, еліміздің беделді тұлғаларымен және белсенді жастармен кездесуге мүмкіндік берген «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің басшылығына алғыс білдіреміз.

Хамзин Закир

ҚазИжТЖУ,

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор,

техника ғылымдарының магистрі