Создано: 17 октября 2022
324

“Мейірбандық әрбір жүректе”

 14 қазан Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінің тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Қайырымдылық айы аясында 10 сынып оқушылары  “Демеу” мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “Ғибадат” ЖШС негізін қалаушы Біржан Қожақовтың шеберханасына барып келді.  Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу мақсатында , әрі  экскурсиялық, әрі "Мейірбандық әрбір жүректе" акциясымен  мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбегін бағалау үшін оқушылар тәрбиесі мен тағылымы мол шараға қатысты. Біржан мырзамен сұхбаттасып, шеберхана жұмыстарына саяхат жасап, керемет әсер алып келді.Шеберханада еңбек етіп жүрген жандарға бауырсақтар мен тәттілер таратылып, мол ризашылықтарын алды. Шеберхана басшысы алдағы уақытта да бірге тәрбие,тағылым сағаттарын өткізуге , бірге жұмыстануға шақырды. Сынып жетекшілері: Жаслан Саматұлы, Илионора Махмұтқызы.

Whats-App-Image-2022-10-16-at-20-13-14 Whats-App-Image-2022-10-16-at-20-13-15