Создано: 23 сентября 2022
318

Дөңгелек үстел

22.09.2020 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті кешенінде  Қазақстан Республикасының БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобаларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының БҚО филиалының төрағасы, академик,«100 жаңа есім» жобасының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы,  БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің  Превенция басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы, Орал қалалық маслихатының депутаты  Маратова Аида Маратқызы ,  М. В. Ломоносов атындағы ММУ жетекші ғылыми қызметкері, Дубна университетінің профессоры, Стратегиялық бастамалар агенттігінің сарапшысы, техника ғылымдарының докторы  Кибальников Сергей Владимирович және профессор –оқытушы құрам мен студенттердің  қатысуымен  халықаралық дәрежедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде дөңгелек үстел өткізіліп, сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланып, қатысушылар өз жобалары мен ұсыныстарын талқыға салды. Жастар арасынан өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып,қатысушы қонақтарымыздан толыққанды жауап алынды. Дәл осындай шаралар алдағы уақытта жалғасын табады есептейміз.