Создано: 23 октября 2021
716

«Медиация қызметіне жастардың көзқарасы» дебат турнирі

 

2021 жылдың 21-ші қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Батыс Қазақстан облысы Татуласу орталығының ұйымдастыруымен, оның басшысы А.Г.Рахишеваның, Орал қалалық №2 сотының судьясы Г.О.Мусаурованың, қоғамдық медиатор К.К.Жаксыгуловтың, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының, студенттердің қатысуымен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» мамандығының 1, 2 курс студенттерінің «Фемида» командасы (Қартамбаев Айдос, Сапышева Альфия, Мұхтаров Эльдар, Хансаитова Шахзода – даттаушы тарап) мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» (ақтаушы тарап) мамандығының «Элита» командасы арасында, карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Медиация қызметіне жастардың көзқарасы» атты дебат турнирі болып өтті.

Дебаттың нәтижесінде үздік команда болып - «Фемида» командасы, ал үздік спикер - «Фемида» командасының спикері, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Сапышева Альфия болып танылды. 

Дебат нәтижесінде үздік командалар, спикерлер дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды, авторлық құнды кітаптармен сыйланды.

Татулас орталығының мақсаты студенттерге медиация институтын қолданудың практикасын кеңейту, оны жастарға насихаттау және медиация мамандығын насихаттау.  

БҚО Татулас орталығының басшысы А.Г.Рахишева, қоғамдық медиатор К.К.Жаксыгуловтың, Орал қалалық №2 сотының судьясы Г.О.Мусаурованың

студенттерге өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, медиация институтының қоғамға қажеттілігін атап өтті.

Турнир соңында естелік фотосуреттер түсірілді.