04 октября 2021
50

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) бойынша келесіні хабарлайды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

Конкурстың I кезеңі және апелляцияға беру мерзімі 2021 жылдың                          1 қарашасынан басталып, 2021 жылдың 15 қарашаға дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Байқаудың II кезеңі 2021 жылдың 17 қарашасынан басталады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда a.mansurov@edu.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.