Created: 24 Желтоқсан 2019
959

 «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың жетінші патриоттық форумы!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтті.

 Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында форум жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын иегерлеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты берілді, үміткерлердің шығармашылық жұмыстары арнайы жинақта жарық көреді.  Форумның салтанатты марапаттау рәсіміне Вице-премьер Б.М. Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов, Алматы қ. әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаров, ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М. Мұтанов, танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, студенттер және еліміздің әр өңірінде қызмет ететін жастар қатысты. Форум «Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» атты үздік студенттік инновациялық жобалар байқауы, «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?» атты үздік эссе жазу, үздік поэтикалық шығарма және патриоттық тақырыптағы әндер байқауларынан тұрды. Биыл ұйымдастыру алқасына еліміздің барлық аймағындағы 100-ден астам ЖОО-дан 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке жобалар мен шығармалар, сонымен қатар, ұжымдық шығармашылық жұмыстар да бар. Беделді сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік құрылымдары және БАҚ пен бизнес өкілдері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінен жасақталған тәуелсіз қазылар алқасы 620-дан астам үздік жұмысты таңдап алды. 2019 жыл ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы бастамасымен Жастар жылы болып жарияланды. Форумының басты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы патриотизмді дамыту. Ауқымды шараны ҚР БжҒМ, АжҚДМ, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен ҚазҰУ және Алматы қ. Әкімдігі ұйымдастырды.

       Аталмыш форумға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Техникалық пәндер» кафедрасынның студенттері І іріктеу кезеңінен  жолдама  алып, II кезеңге 14 -15  қараша күндері өткен  Алматы қаласы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып форумға қатысты. Нәтижесінде  төмендегідей марапатқа ие  болды.

ФИО

Форум ұсынған жұмысы

  тобы

Нәтижесі

1

Айткалиева Арайлым

Ғылыми жоба

РЭТ-442

 Номинация

2

Мырзабай Ернар

Әлеуметтік ғылыми жоба

РЭТ-442

АУ-242

сертификат

3

Искакова Айдана

сертификат

4

Нұртаев Ерлан

 Поэзия

АУ-242

сертификат

5

Ақкалиев Айбек

Эссе байқауы

АУ-242

сертификат

 

 

Материал https://www.facebook.com/831027800310278/posts/2752894318123607?d=n&sfns=mo  сайтынан алынды.

{gallery}00000000000/1{/gallery}